Қазақ фольклорындағы

қасқыр бейнесі

Қазақ мифологиялық эпосы

(Қазақ және түрік халықтарының фольклорындағы қасқыр бейнесі негізінде)

Итеғұлова Сая Ағанасқызы
филология ғылымдарының кандидаты

С.А. Итегулова қазақ фольклорын зерделеп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесімен айналысып жүрген жетекші ғалым. Қазақ фольклоры мен әдебиеттанудың өзекті бағыттарына арналған 60-тан астам ғылыми мақалалары халықаралық, республикалық конференциялар мен отандық, шетелдік басылымдарда жарияланған. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлігі, «Сезім елестері» атты жыр жинағы,

«Ана тағдыры» атты таңдамалы шығармалар жиынтығы бар.

Ғылыми-шығармашылық бағытта «Қазақ мифологиялық эпосы» атты монографиясы (2004), «Педагогикалық практика: түрлері, ұйымдастырылу және жүргізілу барысы» (2007), «Қазақ әдеби тілінің анықтамалығы» (2016) еңбектері жарық көрді.

Еңбектер

Бұған дейін бірнеше кітабы жарық көрген автордың бұл жинағында әр жанрда сомдаған өмір туралы толғамдары беріледі. «Ана тағдыры» повесінде тағдыр талқысына мойымай, өмір бұрқасынына қасқайып қарсы тұрған табиғаты нәзік, жігері мықты қазақ әйелінің тағдыры шынайылықпен баяндалса, әңгімелер бөлімінде жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруға игі ықпалын тигізетін танымдық-ғибратты туындылары жалғасын табады. Ал өлеңдер топтамасындағы терең философиялық иірімдер мен отбасы мүшелеріне деген толғаныс-тебіреністері оқырман жүрегін баурап алады.

Онлайн оқу

Еңбекте қазақ фольклорының өзекті мәселелері қамтылады. Фольклорлық бейнелердің өзін сомдаушы халықтың әлеуметтік өмірімен және рухани әлемімен байланысы анықталады. Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі жан-жақты ашылып, ол ілкі ата, хтоникалық хайуан және сатиралық бейне ретінде тұтастай беріледі. Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесінің мифтік санадан көркем ойлау жүйесіне дейін көтерілген, халықтың діни наным-сенімін танытатын, жан-жақты сомдалған күрделі бейне екендігін анықтаумен бірге, халық санасының өсуіне сәйкес бейнелердің символикалық мәнінің өзгеру барысы көрсетіледі. Дәстүрлі поэтикалық әдіс-тәсілдерге талдау жасалады.

Онлайн оқу

Бұл еңбекте мифтік кейіпкерлерді сипаттайтын фольклорлық мәтіндер мен фольклортанушы ғалымдардың тұжырымдары негізінде жасалған талдаулар келтіріледі.

Халықтың қиялы мен наным-сенімінің буалдыр елесі ретінде бүгінгі күнге жетіп отырған фольклорлық бейнелер жүйеленіп, кескін-кейіп, суретке айналып жұрт назарына ұсынылады.

Онлайн оқу

Бұл еңбекте қазақ халқының танымал батырлық және ғашықтық

жырларының негізінде жазылған комикстер мен анимациялық

фильмдердің сценарийлері берілген.

Кітап халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді көпшілікке танымал

ету бағытында ізденіп жүрген өнер ұйымдарына, рухани мұрамызға

қызығушылық танытқан жалпы оқырманға арналады.

Онлайн оқу
Автор жайлы
Хабарласыңыз!
Телефон: +77011241975
Email: itegul-saya@mail.ru
Әлеуметтік желілер

© Барлық құқықтар қорғалған.

Сайттағы материалды көшіру және қолдану үшін автордың жазбаша рұқсаты керек!

© Итегулова Сая Аганасовна

This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website